12
декабрь
2023
№54 жоббм




Әже өнегесі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі. Қазақ отбасында әже орны қадірлі әрі ерекше. Әже отбасында ғана емес әулеттің де ұйытқысы,кейінгі жастардың ,немерелердің ақылшы-тәрбиешісі.Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие десек, сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі – әжелер екені даусыз.
Шымкент қаласы N54 жалпы орта білім беретін мектебінде Әжелер мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес 1-"Ә" сыныбында "Әжемнің ертегісі" тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтілді.
Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды сақтау, әжелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру. Балалардың оқуға құштарлық ын арттыру.
Даналық мектебінің әжелер кеңесінің мүшесі болып Гүлжан әжеміз келіп , балаларға ақыл -кеңесімен бөлісіп, оқушылардың өнерлерін тамашалап, ертегі оқып берді. Ертегі желісі бойынша Бақыт құсы еңбекте, білімде екендігін түсіндіріп өтті.
Соңында "Батаменен ел көтереді,
Жаңбырменен жер көгереді" дегендей оқушыларымызға жүректен шыққан ақ тілекті батасын берді.


