12
декабрь
2023
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ-"ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ" ✴ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ- ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ-"ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ"




Әже өнегесі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі. Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп-ақ. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі – әжелер екені даусыз.
Шымкент қаласы N54 жалпы орта білім беретін мектебінде Әжелер мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес 8-11 сынып қыздарына
"Қыз еркем, қылығымен көркем" сырласу кеші өткізілді.
Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды сақтау, әжелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру.
Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне, келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру.
Арнайы шақырылған қонақтар:
-Мектеп директоры Бекзатова Эсма Курбановна
- Әулеттің үлкен әжесі Сатқанбаева Рахия
- Алтын алқа иегері, мектебіміздің ұлағатты ұстазы Бименова Манат.
"Ата-бабамыздың тәрбиесі" тақырыбында баяндаманы дайындаған қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Есболғанова Маржанды тыңдады.
Аталмыш шараны мектебіміздің директоры Э.К. Бекзатова ашып, сөз сөйледі. Қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.
"Балалық шаққа саяхат" атты әжеміздің өмірбаяны көрсетілді. Кешіміздің қонағы Сатканбаева Рахия әжеміз өз сөзінде мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат берді, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты.
Ұлағатты ұстаз, Алтын алқа иегері Бименова Манат қыздарға кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті.
Мектеп психологтары жасөспірім қыздар арасында кибербулинг пен буллингтің және ерте жүктіліктің алдын алу, қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер берілді.
Қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «Қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым» деп білген. «Әйелді сүйіктіге айналдыратын –ар мен ұят» деп санаған халқымыз қазақ қыздарына мынадай 10 түрлі талап қойған:
1. Әдептілік;
2. Ар-ұждан пәк болу;
3. Кеңпейіл, кешірімді болу;
4. Мейір-шапағатты болу;
5. Ақыл-парасатты болу;
6. Сабыр-салмақты болу;
7. Адал, ақ жарқын болу;
8. Моральді, мұратты болу;
9. Өжет, батыр болу;
10. Ұят, намысты болу.
Кеш барысында сөз алған тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Х.Айтжанова
қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген кеште еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізді.
Кеш ән шашумен жалғасты.
Рахия әжеміздің сұлу немерелері Мерей мен Кәусардың орындауында "Ата-Апа" атты әні көңілімізден шықты.



