Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 53-39-16
(8707) 542-77-22
Версия для
слабовидящих
21
сентябрь
2023

№54 жоббм

Шымкент қаласы                                                      Коммунальное государственное

                 білім басқармасы                                                                            учреждение                             

«№54 жалпы орта білім беретін            «Общеобразовательная средняя обра

беретін мектебі»школа №54»

         коммуналдық мемлекеттік                                  управления образования  

                      мекемесі                                                                                 город Шымкент

_______________________________________________________________________________


   Бұйрық                                                                           Приказ

  2023 жылғы  28 тамыз                                             № 158

   Шымкент қаласы                                                       город  Шымкент


«№ 54 жалпы орта білім беретін мектебінде 

ақша жинауға тыйым салу туралы»


 «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңын орындау  мақсатында және Қазақстан Респбуликасы  Президентінің 2022 жылғы  2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген ҚР Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру  жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағына, Шымкент қаласы білім басқармасының 2023 жылғы 24 сәуірдегі «Шымкент қаласының білім басқармасы және бағынысты мекемелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы» бірлескен №58, №180 бұйрықтарына  және  ҚББ-ның 24.04.2023 жылғы № 184 хатын орындау мақсатында  Бұйырамын:


  1. 2023-2024 оқу жылында   ағымдағы  жөндеу жұмыстарына, түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мекемеге қажетті кеңсе заттары мен шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта (оқу кабинеттерін жабдықтау, сыныпқа гүл, кабинеттің гигиеналық құрал-жабдықтары, оқуға керекті кеңсе тауарлары және т.б) ата-аналардан заңсыз ақша  жинауға қатаң тыйым салынсын.


  1. Қазақстан Республикасының   «Білім туралы» Заңының 49 бабының                             2 тармағына сәйкес ата-аналар мен өзге де заңды өкілдері   балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуді (демеушілік) мекеме жанынан құрылған «Қамқоршылық кеңесі» арқылы жүзеге асырылсын.


  1. Педагог қызметкерлердің біліктілігін көтеру мақсатында аттестаттаудан өткізуге және марапаттауға (педагогикалық кеңес шешімі және кәсіподақ комитетінің ұсынысы негізінде) байланысты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді қатаң қадағалауды директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары  А.Есиркеповаға жүктелсін.


  1. Мектепте қызмет атқаратын  барлық педагогтар және кіші қызметкерлердің тізімі бекітілген түрде көрінетін жерде ілінуін қамтамасыз етуді іс-қағаздар жүргізушісі Д. Айбутаеваға   жүктелсін.


  1. Сыныптың қажеттілігі үшін заңсыз ақша жинауға тыйым салу мәселесі бойынша пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне және ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары Г.Айтжанова,Б.Бердимуратова , 1-11 сынып жетекшілеріне және  ата-аналар комитетінің төрағасы Қ. Шынболатқа міндеттелінсін.


  1. Ата-аналардан ақша жинау жағдайларына жол берген мұғалімдер мен сынып жетекшілерге тиісті шара қолданылсын.


  1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының  Әдеп кодексінің стендтері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрыштар жасақталып, мекеменің кіре берісіндегі (фойе)  арнайы тақтайшаларға сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы плакаттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Call-орталығы, ҚР   Бас прокуратурасының 115 Call-орталығы, Шымкент қаласы білім басқармасының 8 (7252) 39-49-26 Call-орталығының нөмерлері көрсетілген хабарламалар ілініп, бейне көрсетілімдер тұрақты қойылсын және мекеменің штаттық кестесіне сәйкес барлық қызметкерлер туралы мәліметті ашық жариялауды басшылыққа алу жауапкершілігі  ДТЖЖО Г.Айтжанова,Б.Бердимуратова, педагог ұйымдастырушы Г.Мергенбай, педагог-психологтар Ж.Баймағанбетоваа,С.Есболова және іс-қағаздар жүргізуші  Д.Айбутаеваға міндеттелінсін.


  1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басқа да талаптары  және ҚР Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлескен Жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарына сәйкес арнайы мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылып, мерзімінде орындалуы жүзеге асырылсын.


  1. Осы бұйрықтың талаптарын орындау  және жүзеге асыру директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары Г.Макулбекова,А.Есиркеповаға және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Г.Айтжанова және Б.Бердимуратоваға  жүктелсін.


  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.


 Мектеп директоры                    Э.К. Бекзатова

Теги:
бұйрық

Похожие публикации:

10 ноябрь 2022 №54 жоббм
13 октябрь 2022 №54 жоббм
04 октябрь 2022 №54 жоббм
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив