31
январь
2024
“Псевдосәләфизмнің негізгі пікірі”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 54 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-11 сынып оқушыларына LED экран арқылы “Псевдосәләфизмнің негізгі пікірі” атты тақырыпта бейнеролик көрсетілді.
Псевдосәләфизм идеологиясының заңды, мемлекеттік билікті мойындамайтындығы немесе қолдамайтындығы белгілі. Бұл тенденцияның мақсаты мемлекеттіліктің жалғыз түрі – халифат, ал шариғат – құқықтық реттеудің бірден-бір жолы деп есептейді және қасиетті құран мен хадисті теріс интрепретацялауға бейімделген идеология болып табылады. Псевдосалафизм идеологиясының ең маңызды элементі – ислам мемлекетін құру үшін күресу, жиһад идеясы екені айтылды.