31
январь
2024
«Ақыл айтпа, жол көрсет!» тақырыбында кезекті ата -аналар жиналысы
№54 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналар жиналысы өтті.
7 «В» сынып жетекшісі
Г.К. Барлыбаева «Ақыл айтпа, жол көрсет!» тақырыбында кезекті ата -аналар жиналысын өткізді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналар мен ұстаз арасындағы жылы қарым- қатынасты орнату, бірлесе отырып, балалардың тәртібі мен оқуын қадағалап олардың өмірде жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
Жиналыста тәрбие мен құндылықтар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналарға мектеп пен ата-аналардың әр баланың қалыптасуындағы, оның әлеуетін арттырудағы бірлескен жұмысының маңыздылығы туралы еске салынды.
Ата-аналарға "Жасөспірімнің желідегі әрекеті" туралы айтылды.


Мектепте сабақ уақытында оқушылардың мектеп формасы, санитарлық жеке гигиеналық жағдайын сақтап жүруге шақырды.
Мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбы бойынша мектеп форма, мектептегі өзін-өзі ұстау әдебі, түнгі рейд, электрондық темекі тыйым салынатыны туралы айтты.
Жиналыстың соңында ұстазбен, ата-аналар арасындағы кері байланыс жасалды.







